Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

19 Мамыр 2025, 15:55
478
Бөлісу:
Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?
PHOTO
Фото: автордан

19 мамыр Астана маңындағы "Балқарағай" демалыс аймағында ұлттық дәстүрді дәріптейтін Қымызмұрындық мерекесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Бұл мереке – жазда өтетін ауқымды гастрофестивальдың бастамасы. Оның негізгі мақсатын "BaiQymyz" жобасының авторы Жұмажан Қалтаев "қазақтың қасиетті асы қымызды күнделікті дастарханға қайта әкелу, оның пайдалы қасиеттерін кеңінен насихаттау" деп түсіндірді.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Қазір жастардың көбі газды, энергетикалық сусындарға әуес. Ал қымыз – дәруменге бай, иммунитетті нығайтатын, денсаулыққа аса пайдалы сусын. Біз осы жобамыз арқылы қымыз өндірушілерді бір алаңға жинап, оларға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз, - деді ол.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Қазақтың тағамын 15 жыл зерттеп жүрген этнограф Әйгерім Мұсағажинованың айтуынша, ертеде аналарымыз Қымызмұрындықты қымыз дайындап, "аман-есен қыстан шықтық" деп барлық туыстарды, ауылды бір дастарханға шақырып жасаған. Ал Астанада өткен бүгінгі Қымызмұрындық әртүрлі өңір қымызының дәмін татуға мүмкіндік береді.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Қымызмұрындыққа бірнеше ауылдан, Жаңаарқадан, Семейден, Бурабайдан шаруа қожалықтары келіп, қымыздарын әкелді. Көктемдегі қымыз денсаулыққа ең пайдалы, құнарлы, өйткені бірінші шөп, - деді ол.

Қымызмұрындыққа Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданынан келген жеке кәсіпкер Анар Құрманова да алғаш көк шыққандағы қымыздың қасиеті ерекше екенін атады.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Бал қымыздың маусымы сәуірдің 20-сынан бастап шілденің 15-іне дейін болады. Оның ерекшелігі ол кезде мал 37 дәрумені бар шөппен қоректенеді. Шөптен қаншама дәрумендер алған кезде қымыз қоюланады. Бұл кезде қаймақ пен майдың да сап-сары болуы дәруменге бай болғанынан. Ал шілде, тамыз уақытында шөп құрғай бастайды. Сондықтан қымыз сұйылады, - деді ол.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Айта кетейік, 19-20 шілдеде қымыз мерекесінің жалғасы ретінде Астана қаласы "Қазанат" ипподромында "BaiQymyz" фестивалі өтеді.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?

Неге бай қымыз дейміз? Еліміздің әрбір өңірінің қымызының дәмі ерекше. Бізде тек қана Жаңаарқаның қымызы, Саржалдың қымызы деп жатады. Жоқ, Қазақстанның әрбір өңірінің өзінің дәмі бар. Соны көрсетуіміз керек. Мысалы Францияға барғанда бургун шарабы, тағы бір шарапты айтып жатады. Сол сияқты Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер оңтүстіктің, солтүстіктің қымызын ішуге келуі керек. Біз қымызды үлкен деңгейге көтеруіміз, этнотуризм, гастротуризмді дамытуымыз керек, - деді этнограф Әйгерім Мұсағажинова.

Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?
Астанада Қымызмұрындық мерекесі қалай өтті?
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »