Әуе қорғанысы күштері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әуе шеруіне армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан аса әуе кемесі қатысады. Елорда көгінде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ең үздік экипаждары ұшады.
Әуе шеруін Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров басқарады.
Бүгін әскери авиациялық оқу-жаттығулар басталды. Астана аспаны сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін «жабылады».
Осыған байланысты Астана әуежайындағы кесте өзгереді.
Оқу-жаттығу 7 мамырға дейін жалғасады.