Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Арам өлтірмеген: соққан сиырын сойып, етін салып алған азамат

Кеше, 07:10
2302
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында тас жолда көлік сиырды қағып кеткен. Көлік басқарған жүргізуші малды сол жерде сойып, етін үйіне салып алып кеткен. Артынша сиыр иесімен дау сотта медиация тәртібімен шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Lada.kz жазды.

Тас жолда болған оқиға

Жалағаш аудандық сотының мәліметінше, ер адам көлікті басқарып келе жатып, облыстың басқа тұрғынына тиесілі сиырды қағып кеткен. Оқиға жол-көлік оқиғасы санатына жатқызылды. Алайда жүргізуші иесіне хабарлап, сотты күтудің орнына, сиырды сол жерде сойып, етін алып кеткен.

Кім кінәлі: сиыр, шопыр немесе мал иесі

Жүргізушінің әрекетінен ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық анықталмағандықтан, полиция істі тиісті қаулымен жапты. Алайда жануардың иесі оқиғаның бұлай өрбуімен келіспей, азаматтық іс жүргізу аясында сотқа жүгінген.

Ол өз талап-арызында жүргізушіден 350 мың теңге өтемақы төлеуді талап еткен – оның есебі бойынша сиырдың құны осыған тең.

Тараптар бітімге келе алды ма

Сот талқылауы барысында тараптар өзара келісімге келіп, жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы шешім қабылдады. Келіссөздер барысында медиациялық келісімге қол қойылып, оның аясында жүргізуші жәбірленушіге өтемақы ретінде 150 мың теңге төлеуге міндеттелді. Орындаудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 5 маусымы.

Жауап ретінде талапкер бастапқыда мәлімдеген соманы қайтарып алып, жүргізушіге қойған талаптарын толық көлемде алды.

Сот шешімі

Сот дауды реттелді деп танып, медиациялық келісімнің талаптарын бекітті. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »