Араб елдерінің басшылары сенбі күні Бағдатта өткен Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) жыл сайынғы саммитінде бас қосып, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, олар Газа секторын қалпына келтіруге үлес қосуға уәде берді. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.
Саммитке араб елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани мен Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси қатысты.
Қонақ ретінде саммитке Испания премьер-министрі Педро Санчес пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш шақырылды.
Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа әл-Судани Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат беруге шақырды. Айта кетейік, бұл аймақ наурыз айының басынан бері Израиль тарапынан толық қоршауда тұр.
Бұл геноцид өз жантүршігерлік деңгейімен тарихтағы барлық қақтығыстардан асып түсті, – деді ол.
Сондай-ақ Ирак аймақты қалпына келтіру үшін арнайы араб қоры құрылатынын, ал оның құрамына Ирак Газа секторына 20 миллион доллар, сондай-ақ Ливанға да шамамен осындай сома аударатынын мәлімдеді.