Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған "Антикор қызметкері" ұсталды

17 Мамыр 2025, 05:19
545
Бөлісу:
Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған "Антикор қызметкері" ұсталды
Фото: Архив

Ақтөбеде өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті бизнес өкілдерін қылмыстық қудалаумен қорқытып, "мәселені шешу" үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Ол қысым көрсету үшін жәбірленушілерге қатысты құпия ақпараттарды пайдаланған.

Мысалы, ол ЖШС-нің кадр бөлімінің басшысынан 5 миллион теңге талап еткен, ал ұсталуы кезінде көлігінен 4 миллион теңге тәркіленді.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытып, мұндай жағдайлар орын алса, бірден полицияға хабар беруге шақырады. Барлық шағымданушылардың анонимдігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »