Жылу желілерін жөндеуге 100 миллиардқа жуық қаржы қажет – министрлік

2025 жылы елімізде 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа 89,7 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде 75,7 млрд теңге – бюджет қаражаты, ал 14 млрд теңге – кәсіпорындардың тарифтік сметасы шеңберінде қарастырылған.

Биыл қабылданған "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 129 шақырым жылу желісін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта жалпы 98,7 млрд теңге инвестиция тарту көзделген, – деді вице-министр.

Сондай-ақ қазіргі таңда жылу желілерін қайта құру мен жаңғыртудың 56 жобасын іске асыру үшін 103,3 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет.

Атап айтқанда 28 жобаны аяқтау үшін – 37,3 млрд теңге, ал 28 жаңа жобаны іске асыру үшін – 66 млрд теңге қажет, – деді Сұңғат Есімханов.

Бұған дейін вице-министр жылыту маусымында ірі апат тіркелмегенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »