Трамп G7 елдерінің Таяу Шығысқа қатысты бірлескен мәлімдемесіне қол қоюдан бас тартты
АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті жағдайға байланысты G7 ("Үлкен жетілік") елдерінің бірлескен мәлімдемесінің жобасына қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Мәлімдеме жобасында Израильдің өзін-өзі қорғау құқығы және энергия нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылған. Алайда Ақ үй бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеді.
Құжат жобасында нарықтардың, соның ішінде энергия тасымалдаушылардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі және Израильдің өзін-өзі қорғау құқығы туралы айтылған, - делінген Reuters материалында.
Бұл арада Парсы шығанағы елдері Таяу Шығыс қақтығысының бақылаудан шығып, кең ауқымды соғысқа ұласу қаупіне алаңдаушылық білдіруде. Бұған дейін Иран Катар, Сауд Арабиясы және Оманға жүгініп, АҚШ президентіне қысым көрсету арқылы Израильге ықпал етуді сұраған болатын. Сонымен қатар Тегеран атысты дереу тоқтатуға келісім беру үшін ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерде жеңілдіктер талап етті.
Reuters мәліметінше, соңғы күндері Парсы шығанағы елдерінің көшбасшылары мен жоғары дәрежелі дипломаттары өзара және АҚШ, Иран мен өзге де елдердің өкілдерімен белсенді түрде телефон арқылы сөйлесіп, қазіргі жағдайдың ушығуын болдырмауға тырысуда.