Трамп әкімшілігі Гарвардты жазалады: Оқу орнында қанша қазақстандық бар?
Гарвард университеті шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырылды. Қазір Гарвардта оқып жатқан шетелдіктер басқа университетке ауысуға мәжбүр болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Гарвард университетінің студенттер алмасу бағдарламасын жүзеге асыруға рұқсат беретін сертификатының күшін жою туралы шешім шығарды.
Гарвард бұл қадамды Трамп әкімшілігінің заңсыз әрекеті деп атады:
Бұл кек қайтару әрекеті Гарвард қауымдастығына да, елімізге де зор зиян келтіруі мүмкін және университеттің академиялық әрі зерттеу миссиясына қауіп төндіреді, – деді ол.
Ғылым және жоғары министрлігі “Болашақ” бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алып жатқанын айтады.
Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сұраулар жолданатын болады, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады
Келесі жаңалық
Газа секторында қаза тапқандар саны 55 мыңнан асты
Өзгелердің жаңалығы