Шығыс Қазақстанда қатты желден бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді

Шығыс Қазақстанда қатты желден бірқатар әлеуметтік нысандарға зақым келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең қатты зардап шеккен – Риддер тұрғындары. Мұнда қатты жел электр желілерін зақымдап, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты. Барлығы 1 237 үй жарықсыз қалған.

Ал Ұлан ауданы, Шемонаиха және Өскемен қалаларында дауыл әлеуметтік нысандарға зақым келтірді. Бірқатар нысандардың шатыры ұшып, сыртқы қаптамалары бүлінген.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық арасында зардап шеккендер жоқ.

«Жедел әрекет ету штабы құрылды. Барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтардың өтініштері кешіктірілмей қарастырылуда», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »