Шерзат Болат ісі бойынша келесі сот отырысы 28 мамырда жалғасады

Қоғамда резонанс тудырған жасөспірім Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесінің келесі отырысы Талдықорғанда 28-29 мамыр күндері өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот процесі әдеттегідей сағат 10:00-де басталатыны айтылды.

Келесі сот отырыстарының қашан өтетінін талқылау кезінде сотталушылардың адвокаттарының бірі отырысты басқа күнге ауыстыруды ұсынды.

Құрметті сот, менің бүгін өтуі тиіс кездесуімді сейсенбіге ауыстырды. Бізге өзіміздің қорғауымыздағы адамдармен (сотталушылармен – ред.) жолығып, позициямызды анықтауымыз керек еді. Сіздер ол күнге отырысты қойғалы отырсыздар. 29, 30 күні отырыс өте берсе? – деді сотталушылардың бірінің адвокатына судьяға қарата.

Алайда судья ұсынысты қанағаттандырудан бас тартты.

Жоқ, келесі отырыс 28 және 29 мамыр күндері өтеді. Сонымен қатар жарыссөзге дайын болуларыңызды сұраймын, - деді Ержан Жанұзақов.

Қорғаушының: "Ол үшін қосымша уақыт керек" дегеніне судья: "Уақыт сіздерге осы 5 күн жеткілікті" деп қысқа қайырды.

Судьяның өтінішті қабылдамауы себепті адвокаттар соттан ертерек кетуді, отырысты аяқтауды сұрады.

Еске салайық, бүгін сотталушылар мен жәбірленушілердің беттесу сәттері жазылған бейнежазбалар көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »