"Пышақ қатты соққымен, сабына дейін сұғылған" – Сот сарапшысы Шерзаттың жарасы туралы
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өлімі бойынша сот процесінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында марқұм Салтанат Нүкенованың жарақаттарын талдаған тәуелсіз сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жараның тереңдігі 12 сантиметрді құраған. Сарапшы егер пышақтың ұзындығы жараның тереңдігінен аз болса, пышақ денеге толықтай кіргенін білдіретінін мәлімдеді. Яғни пышақ сабына дейін кірген, одан кейін қосымша күшпен сұққан. Осы орайда адам денесі жиырылып, салынған жарақат сұғылған пышақтың ұзындығына қарағанда тереңірек болуы әбден ықтимал.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайдың: "12 сантиметрлік жараны 9,6 сантиметр болатын пышақпен келтіруі мүмкін бе?" деген сұрағына Халимназаров:
Әрине, кейде ондай жағдайлар кездеседі. Жара пышақтың ұзындығына қарағанда 2-3 сантиметрге тереңірек болуы мүмкін, - деп жауап берді.
Бұл жайт соққының күшіне байланысты болу мүмкіндігі туралы сұраққа сот сарапшысы: "Иә, әрине" деді.
Еске салайық, бұған дейін марқұм Шерзаттың анасы, жәбірленуші Гүлбара Бишімбиеваның оқиға орнына барғандағы тергеу экспериментінің видеосында ол баласын кімнің пышақтағанын көргенін айтқан еді.