Оралда студентті бопсалаған жігіт ұсталды
Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті тонады деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті студентті қорқытып, мобильдік қосымша арқылы ақша аудартқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан бұрын да басқа құқық бұзушылықтармен жауапқа тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сербия президенті ауруханаға түсті
Келесі жаңалық
Қазақстан тұрмыстық химия импортын азайтуда
Өзгелердің жаңалығы