"Дипломмен ауылға": 2025 жылы 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтылады

Биыл Қазақстанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 2,8 мыңға жуық жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экономика министрлігінің мәліметінше, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінеді.

Бағдарлама ауылдық жерлерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол "AMANAT" партиясының 2023–2027 жылдарға арналған "Халықпен бірге. сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жүзеге асырылады.

2025–2027 жылдары бағдарлама ауылдағы кадр тапшылығын шешуде маңызды рөл атқара береді. Мамандарға бюджеттік кредиттер арқылы тұрғын үй алуына қолдау көрсетілмек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »