БҚО-да заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық азаматқа айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық соты Өзбекстан Республикасының 10 азаматына қатысты әкімшілік іс қарап, оларға айыппұл салды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғандай, аталған азаматтар 2025 жылдың наурыз айында Бұлдырты ауылдық округінде құрылыс жұмыстарын тиісті рұқсатсыз, заңсыз жүргізген. Істер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаралды.

Сот отырысында шетелдік азаматтар өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен әрбір құқық бұзушыға 98 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »