Біз АҚШ, Украина, Ресей және Еуропа елдері арасындағы кездесу мүмкіндігін қарастырудамыз – Зеленский
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина және Ресей президенттері телефон арқылы сөйлескеннен кейін Владимир Зеленский Киевтің АҚШ, Украина, Ресей және Еуропа елдері арасында кездесу өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ол Түркияда, Ватиканда немесе Швейцарияда болуы мүмкін, – деді Зеленский телефон арқылы келіссөздерден кейін өткен брифингте.
Владимир Зеленский сондай-ақ Украина Мәскеу талап еткендей өз территорияларынан әскерін шығармайтынын және ресейлік ультиматумдарды қабылдамайтынын айтты.
Зеленский Трамппен бір күнде екі рет сөйлескенін түсіндірді: Путинмен сөйлескенге дейін және одан кейін. Біріншісінде олар атысты тоқтату туралы және Мәскеу оны бұзған жағдайда АҚШ-тың санкциялық қысым көрсетуге дайындығы туралы айтты. Екінші қоңырау кезінде еуропалық көшбасшылар Украина президентімен қосылды.
Егер Ресей атысты тоқтатпаса, тұтқындар мен кепілге алынғандарды босатпаса, Путин шындыққа жанаспайтын шарттарды алға тартса, бұл Ресей соғысты созуды жалғастырады және Еуропа, Америка және бүкіл әлем соған сәйкес әрекет етуге, атап айтқанда, қосымша санкциялармен жауап беруге лайық дегенді білдіреді. Ресей өзі бастаған соғысты тоқтатуы керек және мұны кез келген күні кешке бастауға боладығ – деп жазылған телеграмм арнасындағы ақпаратта.
Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей мен Украина арасында тиісті келісімдерге қол жеткізілген жағдайда атысты тоқтатуға болатынын мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина атысты тоқтату және соғыс туралы келіссөздерді «тез арада» бастайтынын айтты.