Басқару біліктілігін арттыру: Алматыда қазақ тіліндегі MBA бағдарламасы ұсынылды

Алматыда алғаш рет қазақ тілінде жүргізілетін Executive MBA бизнес-білім бағдарламасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл бағдарлама кәсіпкерлер мен басшылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама басшылар мен кәсіпкерлер үшін іскерлік басқару саласында терең білім беру мақсатында іске асырылады. Бір жылдың ішінде қатысушылар өз саласының қыр-сырымен танысып, кәсіби біліктілігін арттырады. Оқу бағдарламасы Welcome Day таныстыру сабағынан басталып, "Іскерлік коммуникациялар" пәнімен жалғасады. Сабақтарды тәжірибелі әрі кәсіби оқытушылар қазақ тілінде жүргізеді, – деді экономика ғылымдарының докторы, профессор Самажан Өмірзақов.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі, кәсіпкер Арайлым Назарова, өзінің оқуға түсу себептерімен бөлісті.

Кәсіппен айналысқаныма 11 жыл болды. 2022 жылдан бері "Таза" деген тұрмыстық техниканы жасап, сатумен айналысамыз. MBA-ға оқуға түсудегі мақсатым – академиялық білім алу, кәсіпті дамыту және нарықты терең зерттеу. Бұл бағдарламадан өндірістік бағытты үйренгім келеді. Қазақ тілді MBA-ны таңдаған себебім – қазақ тілінде білім беру деңгейін арттыруға өз үлесімді қосу, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »