Астананың 78 мыңнан аса тұрғыны шетелге шыға алмай қалуы мүмкін
Астанада 78 мыңнан астам адам мемлекетке 3,5 миллиард теңге қарыз. Соның салдарынан берешегін өтемеген азаматтар шетелге шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Almaty.tv мәліметінше қарыздың негізгі бөлігі көлік салығына тиесілі. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері оның көлемі шамамен 3,2 миллиард теңгеге жеткенін хабарлаған. Ал мүлік салығы бойынша қарыз 292 миллион теңгені құрапты.
Берешегі бар салық төлеушілердің жалпы саны 78 мыңнан асады. Сіз қарыздың бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында, электронды үкімет порталы және де eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз. Елден шығуға уақытша шектеулердің бар-жоғы Әділет министрлігінің сайтында қолжетімді, – деді Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сыдықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуроодақ: "Украинаға әскери көмекті екі есе көбейтеміз"
Келесі жаңалық
Алматыда есірткіге қарсы күреске арналған фронт-кеңсе ашылды
Өзгелердің жаңалығы