Астанада 40 жастағы әйел тұрғын үйдің 12-қабатынан құлап кетті

Астанада 12-қабаттан құлаған әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол тұрғын үйдің 12-қабатынан құлаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »