Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Экипаж мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында болды. TL-2000 оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болған. Екеуі де көз жұмды.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері
авиациялық оқиғаға орнына барады.

Арнайы комиссия құрылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »