Алматыда мопед жүргізушісі екі адамның өмірін қиды

Қайғылы оқиға Алатау ауданында 9 сәуірге қараған түні сағат 01.30-да болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мопед жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатып, алдындағы Mercedes маркалы көлікпен соқтығысқан. Алайда соған қарамастан, ол қозғалысын жалғастырып, жол жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан жұмысшыларды қаққан.

Оқиға салдарынан екі ер адам сол жерде көз жұмды. Ал бір әйел ауыр жарақаттармен жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау бөлімі осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы полициясы жол ережесін қатаң сақтап, барлық көлік жүргізушілерін аса мұқият болуға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »