Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Бүгін, 26 мамыр күні Алматы облысында Достық – Бескөл теміржол учаскесіндегі күзетілмеген өткелде Toyota маркалы жеңіл автокөлік пен пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданғанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.

Апат пойыз қозғалысының кестесіне кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда оқиға бойынша Достық станциясының желілік полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

ҚТЖ 2025 жылдың алғашқы бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары 20%-ға өскенін мәлімдеп, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерінде ерекше сақ болуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »