Air India қаза тапқандардың отбасына 60 миллион теңге өтемақы төлейді
Air India компаниясының бас компаниясы Tata Group Үндістанның Ахмедабад қаласындағы тұрғын ауданда болған ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына 10 миллион рупий (59,6 миллион теңгеден астам) төлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Associated Press жазды.
Сондай-ақ компания иелері ұшақ апатынан зардап шеккендердің емделуге кететін шығынын өздері көтеретінін айтты. Сонымен қатар, олар ұшақ құлаған медициналық колледж ғимаратын қалпына келтіруге көмектеспекші.
Air India 171 рейсімен болған қайғылы оқиға бізді қатты таңғалдырды. Қазіргі кездегі қайғы-қасіретті сөзбен жеткізу мүмкін емес, – деп жазылған Tata Group мәлімдемесінде.
Бұған дейін Үндістанда ұшақ құлаған жерден бір жолаушының аман қалғаны хабарланған болатын.
Air India ұшағы 12 маусымда Үндістанның Ахмедабад қаласының тұрғын ауданында құлады. Ұшақ Лондонға ұшуы керек еді, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден ұшқыштар апат сигналын берді, содан кейін ұшақ дәрігерлерге арналған жатақханаға құлады.
Үндістандағы ұшақ апатына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін екені хабарланды. Сарапшының айтуынша, екі қозғалтқышы да істен шыққанда ұшқыш диспетчерлерге апат сигналын берген.