118 млрд теңге: Қазақстандық ғалымдар шетелге өз жобаларын сатып жатыр

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми жобалардың үлесі артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2016 жылдан бері Ғылым қоры ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға арналған 6 конкурс өткізді. 2 148 өтінімнің 1 681-і сараптамадан өтіп, 416 жоба мақұлданды, 386-сы қаржыландырылды.

Қазіргі уақытта 208 жоба іске асып жатыр, оның 25-і экспортқа шықты, ал алтауы бір млрд теңгеден астам сату көлеміне жетті. Жобалардың экономикаға қосқан жиынтық үлесі – 118,4 млрд теңге. Маңыздысы – соңғы 3 жылда коммерцияландыруға қаржыландыру да, қоса қаржыландыру да мүлде бөлінген жоқ. Биылдан бастап бұл мақсатқа қаражат қарастырылды, - дейді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі ғалымдарға қандай жағдай жасалып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »