Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза болды

2 Мамыр 2025, 09:44
1081
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза болды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып, бағанаға соғылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алдыңғы орындықта отырған жолаушы терезе арқылы салоннан құлап кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан ер адам қаза болды

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жол апаты Алатау ауданында болды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып, тізгінге ие бола алмай бағанаға аударылған. Жол апатынан Mercedes-Benz көлігінің жолаушысы 1998 жылғы азамат оқиға орынында қаза тапты. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды , - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »