Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

6 Маусым 2025, 09:03
568
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Оқу жылының аяқталысымен жылда жазғы мектеп жанында лагерьлер ұйымдастырылады. Оған әрбір оқушы өз мекенжайының тіркеуіне байланысты тегін бара алады. Биыл Алматыда 200-ге жуық осындай лагерь ұйымдастырылды. Ондағы балалардың бір күндік өмірімен Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі танысып қайтты.

Жазғы мектеп жанында лагерьлерде балаларға арналған ерекше оқу-ағарту және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылады. Мәселен, №140 мектеп жанындағы спорттық лагерьде бастауыш сынып оқушылары волейбол, футбол және ұлттық ойындар бойынша тереңдетілген дайындықтан өтеді. Сондай-ақ бұл жерде бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі ас беріледі. Лагерьдің белсенді қатысушыларының бірі 3-сынып оқушысы Әли Рахман.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

Мектеп лагеріне Әли сағат 9-да келіп, күнін жаттығу жасап бастайды. Ары қарай таңғы ас ішіп, вокалдан сабақ алады. Мектептегі іс-шараларда өлең айтатын ол музыка пәнінен қосымша сабақ алып жүр.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

Ары қарай спорттық бағыттағы мектеп лагері болған соң, өзге балалармен сүйікті спорты футбол ойнайды.

Мектебімізде Әли секілді талантты балалар көп. Жалпы білім ордамызда 2700 бала оқиды. Соның 400 оқушысы жазғы лагерьге барып жүр, олардың 14-і аз қамтылған отбасылардың балалары. Мектеп директорының айтуынша, 26 мамыр мен 9 маусым аралығындағы ұйымдастырылған бұл лагерьдегі әр күнге арнайы бағдарламалар дайындалған, – деді мектеп директоры.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

3 сыныпты үздік тәмамдаған Әли қазақтың ұлттық ойындары тоғызқұмалақ пен асық ойнап үйренуде.

Бүгін лагерьдегі бесінші күнім. Оқу жылы біткен соң сыныптастарымызбен лагерьге қатысуға келістік. Қатты ұнап жатыр. Келесі жылы тағы келемеін, – деді оқушы.

8 жасар Әли секілді №110-мектептің 9 сынып оқушысы Әнуармансұр Ермұханов да мектеп лагеріне қызушылық танытып келген. Биыл осындай лагерьлер тек мектептерде ғана емес Алматы құрылыс-техникалық колледжінде де ұйымдастырылды. Оған әртүрлі мектептің 8-9 сыныптың 25 баласы қатысып жатыр.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

Әнуармансұрдың сөзінше, ол оқитын мектепте де осындай жазғы лагерь ұйымдастырылған, алайда онда тек бастауыш сыныптың оқушылары қатыса алады.

Мұнда ағаштан әртүрлі заттар жасауды теория және практика жүзінде меңгеріп жатырмыз. Лагерьде таңғы сағат 9 бен түскі 12:00 аралығында боламыз. Осында жүріп жаңа достар тауып жатырмын, – деді Әнуармансұр Ермұханов

9 сынып оқушысы мұғалімдердің нұсқаулығымен еден жууға арналған таяқша жасауды үйренді. Бұл жердегі лагерь 2-13 маусым аралығында өтеді.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

Алматы мектептеріндегі түскі аспен қамтамасыз етілген жазғы лагерьлерге 55 мың бала және түскі ас жоқ оқу мекемелерде 180 мың оқушы қатысуда. Әр нысанның Оқу-ағарту министрлігімен бектіліген арнайы бағдарламасы бар. Сондай-ақ қаланың сыртындағы лагерьлерде жергілікті бюджет есебінен 3,5 мың бала демалатын болады , – деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Тәжібаев.

Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды
Алматы оқушыларының демалысы қалай өтуде: жазғы мектеп лагерьлері ашылды

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда балаларға арналған жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »