Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

21 Қаңтар 2025, 10:44
5051
Бөлісу:

Қайғылы оқиға Алматы-Бішкек автожолының 38 шақырымында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек автожолының 38 шақырымында Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Өңірлік полиция барлық жүргізушілерді ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда ерекше қырағылық танытуға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда мұқият болып, жылдамдықты азайтуға және кез келген уақытта тоқтауға дайын болуға шақырады, - деді Алматы облысы ПД ППБ коммандирінің м.а. Айдос Молдағалиев.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »