Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Рысқұлов ауылындағы ат клубы маңында төтенше жағдай орын алды. 1998 жылы туған бойжеткен квадроцикл тізгіндеп келе жатып, жардан құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орны таулы аумақта, шамамен 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Шақырту түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы оқиға орнына дереу жетіп, зардап шеккен азаматшаны жардан жоғары көтеріп, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Қазіргі уақытта қыздың жағдайы туралы ақпарат нақтылауда.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды демалыс кезінде, әсіресе таулы және қиын жер бедерінде орналасқан аумақтарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.