Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы хореография училищесінің есептік концерті өтті

25 Мамыр 2025, 12:30
495
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Александр Селезнёв атындағы Алматы хореография училищесінің есептік концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл концерт еліміздің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, Қазақстандағы жетекші хореографиялық оқу орындарының бірі — училищенің 79-шы түлектерін ұлықтады.

Іс-шара жас әртістердің көпжылдық еңбегінің, табандылығы мен шабыттың, сондай-ақ жоғары кәсіби педагогикалық мектептің нәтижесі болды. Бай мазмұнды бағдарламада Ф. Шопен музыкасына қойылған «Шопениана» балеті, классикалық мұрадан алынған па-де-де мен вариациялар – «Ұйқыдағы ару», «Дон Кихот», «Қарақшы», «Арлекинада», «Баядерка», «Классикалық па-де-де» ұсынылды.

Көрермен назарына ұлттық және халықтық билер ұсынылып, олар мәдени мұрамыздың байлығы мен сан алуандығын бейнеледі. Сонымен қатар, заманауи хореография үлгілері жас ұрпақтың шығармашылық әлеуеті мен заман талабына сай креативті көзқарасын көрсетті.

Көрермендер әр нөмірді ыстық ықыласпен, ұзақ шапалақпен қарсы алып, училище шәкірттерінің жоғары дайындық деңгейі мен оқу орнының кәсіби қауымдастықтағы беделін тағы бір дәлелдеді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »