Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Александр Бублик Галле турнирінің финалына шықты

Бүгiн, 01:28
595
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік рейтингте 45-орында тұрған Бублик жартылай финалдық кездесуде Ресей өкілі, әлемнің 22-ракеткасы Карен Хачановты жеңіп шықты.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылған Бублик ойынның екінші бөлігінде жинақылық танытып, тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6. Шешуші үшінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, ол матч барысын түбегейлі өзгертіп, финалға жол ашты.

ATP 500 турнирі 16–22 маусым аралығында өтіп жатыр, жүлде қоры – 2 522 220 еуро. Естеріңізге сала кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы Янник Синнер биыл жарысты екінші айналымда аяқтаған еді.

Александр Бубликтің финалдағы қарсыласы жақын арада белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »