520 млн теңге залал келтірген: «Семей орманынан» көшет ұрлағандар сотталды

23 Мамыр 2025, 01:26
194
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Абай облысының Бесқарағай ауданында орман көшеттерін ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралып, кінәлілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметіне сәйкес, "Семей орманы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Долон филиалының аумағынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшет жасырын түрде шығарылып, ұрланған. Бұл – елдегі табиғи ресурстарды заңсыз иемденудің ең ірі фактілерінің бірі ретінде тіркеліп отыр.

Аталған операция Абай облыстық прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тарапынан жүзеге асырылған. Полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық әрекеті жедел-іздестіру шаралары кезінде әшкереленген.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде ұрлыққа Абай облысының екі тұрғынының қатысы бары анықталған. Курчатов қаласының соты оларды аса ірі көлемдегі ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »