Қазақстанның соңғы жаңалықтары

5 мамырдан бастап Алматыдан Ташкентке жаңа әуе рейсі ашылады

3 Мамыр 2025, 17:07
453
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  Артем Чурсинов
Фото: Артём Чурсинов Артем Чурсинов

Көлік министрлігі «My Freighter» өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұшуды бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, - делінген мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »