Бодибилдер әрі TikTok-та @after.life.echoes лақап атымен танымал блогер клиникалық өлімді бастан өткеріп, сол сәтте көргенін көпшілікке айтып берді, деп BAQ.KZ тілшісі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Оқиға бір мейрамханада болған. Ер адам кенеттен өзін жайсыз сезініп, дәретханада есінен танған. Ол бұл жағдайды қабылдаған дәрісінен көреді. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның жүрегі тоқтап қалғанын анықтап, өлімін тіркеген.
Ол шамамен 45 минут бойы клиникалық тұрғыда өлі деп саналған. Тіпті мәйіт салынатын арнайы қапқа салынып та қойған. Алайда сол сәтте дәрігерлер оның тіршілік белгілерін байқап қалып, қайтадан жансақтау шараларын жасай бастаған.
Кейін есін жиған блогер клиникалық өлім кезіндегі күйін былай сипаттады:
Бұл кино көріп отырғандай болдым. Экранда біреу мен сияқты киініп алған, мен сияқты көрінеді, бірақ мен өзімді ол емеспін деп сезіндім. Себебі мен дәл қазір залда отырып, осы фильмді тамашалап отырғандаймын. Өз денемді жоғарыдан бақылап тұрдым. Бірақ ең қызығы – мен өз денемді көріп тұрсам да, мен екенімді сезінбедім, – дейді ол.
Қазір блогер клиникалық өлім мен сана феномені туралы TikTok-та тұрақты контент жасап жүр. Ол өзнің басынан өткен оқиғасы арқылы адамдарға өмірдің мәні мен адам санасының тереңдігін ойлануға шақырады.