"Қазгидромет" мамандары 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қай өңірлерде жауын-шашын күтіледі?
- Шығыс пен оңтүстік-шығыста – жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр болады;
- Орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда – бұршақ пен дауыл болуы мүмкін;
- Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа райының қауіпті құбылыстары
- Күндіз еліміздің бірқатар облысында жел күшейеді;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл көтеріледі;
- Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Үсік қаупі бар өңірлер
26 мамыр күні түнде мына облыстарда 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін:
- Солтүстік Қазақстан
- Қостанай
- Ақтөбе (солтүстігі мен шығысы)
- Ақмола (батысы, солтүстігі, шығысы)
- Павлодар (батысы, солтүстігі)
- Қарағанды (батысы мен солтүстігі)
- Ұлытау (солтүстік аудандары).